Қазақстанда "дата-стюард" лауазымы енгізілуі мүмкін
Қазақстанда "дата-стюард" лауазымы енгізілуі мүмкін
Фото: Тvk-6.kz
519
оқылды

Қазақстанда мемлекеттік қызметте жаңа лауазым пайда болады. Ол "дата стюарт" деп аталады. Мұндай бастаманы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көтерді.

"Жарлық жобасы бойынша, В, С, D санаттары тобын "дата-стюард" лауазымымен толықтыру бөлігінде саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымы тізіліміне толықтыру енгізіледі", - делінген жарлыққа өзгерістер жобасында.

Ведомство "Ашық НҚА" сайтына "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығына толықтыру жобасын жариялады.

Дата-стюард қызметі мынадай:

  • бөлімшенің іскерлік мазмұнына негізделген деректерге қойылатын талаптарды айқындау және оларды корпоративтік мақсатта пайдалану;
  • деректерді жинау, сақтау және пайдалану ережелерін құжаттау және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • дереккөздерге сенім дәрежесін анықтау;
  • корпоративтік деректердің (жиналған, сақталатын және пайдаланылатын) сапасын қамтамасыз ету және кепілдік беру;
  • деректер сапасына байланысты инциденттерді бақылау;
  • деректерді басқару бағдарламасында белгіленген саясаттар мен стандарттарды орындау;
  • қажетті деректерге қажетті пайдаланушыларға ақпараттың жеке, корпоративтік немесе құпия деректерге және т.б. байланысты уақытында қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • деректер инженерлері мен талдаушыларына, сондай-ақ, Data scientist-ке деректерді жинау, сақтау, пайдалану және қауіпсіздік процестері мен процедураларын жобалауға және іске асыруға көмектесу.

Дата-стюардтың мынадай қабілеті болуы керек:

- SQL, NoSQL, NewSQL бағдарламау тілдерін білуі;
- Big data-ның сақталу, өңдеуге қатысты Apache Spark, Kafka, NiFi, AirFlow, HDFS, HBase, Hive, Impala және SQL-on-Hadoop-тың басқа түрлері;
- деректер сапасын анықтайтын құралдар: Informatica Data Quality, Microsoft Data Quality Services, Oracle Enterprise Data Quality, SAP Data Services, Talend Open Studio for Data Quality
Айта кетейік, жобада өзгеріс енгізуге республикалық бюджеттен қосымша шығын кетпейтіні жазылған.