Қазақстандық зілтеміршіні өлімге итермелеген кім?
Қазақстандық зілтеміршіні өлімге итермелеген кім?
Альберт Линдер. Фотоколлаж © Aikyn.kz
497
оқылды
«Ол Адам Емес. Мұндай адамға спортшыларды жаттықтыруға болмайды. Ол бір аптада балалар тұрмақ, мен сияқты атпалдай азаматтың сағын сындырады. Мен мұны ойдан шығарып отырған жоқпын. Өтірік айтып, жала жабудың түкке қажеті жоқ маған. Бұл — қып-қызыл шындық. Бірақ оны ешкім тіс жарып айтпайды, себебі қорқады. Бұл жолы аузыма құм толтырып алған адамдай қарап отыра алмаймын. Соңына дейін барамын! Бұдан кейін ол қалайша жаттықтырушы қызметінде қалмақшы? Ол біздің жеке жаттықтырушымыз болатын. Ол — Ауыр атлетикадан ҚР ұлттық құрамасының аға тренері. Google-дан терсеңіз, кім екенін көресіз. Альбертті қайғылы жағдайға итермелеген адам тиісті жазасын алуы керек!» — деп ашынады ағасынан айырылған Семён Линдер. 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Семён Линдер (@lindeers)

Альберттің қазасынан кейін Михаил Макеев пен Фархат Самарханов есімді зілтеміршілер құрамада көрсетілетін қысымға байланысты медальдерін қоқысқа лақтырған болатын. Сондай-ақ ауыр атлетикадан халықаралық санаттағы спорт шебері Әйгерім Ауылбек те Instagram-дағы парақшасында өткір пікір білдіріп, жазба қалдырды. 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ??????? ?????? (@__aigeerrim__)

«Спортшыларды физикалық қана емес, психологиялық тұрғыдан да сындырады. Мұны олар басшылыққа қысымды көтере алмады, мінезі жұмсақ, жүктемені көтере алмады деп түсіндіреді. Ал шын мәнінде құрамада өздеріне тиімді спортшыларды қалдырып, олардың жеңісі мен жемісін бизнеске айналдырып алған әбден. Мұндай әділетсіздікті көрген спортшы федерацияға жазып, шағымданғанымен, түк шықпайды. Сосын, амал жоқ, спортшылар өз жолымен кете барады».  Осы пікірден кейін көкейде сұрақ көбейе түсті. Aikyn.kz редакциясы Әйгеріммен тілдесіп, мән-жайдың анық-қанығын сұрады. 
«Альберттің соңғы рет қатысқан үлкен сайысы — 2017 жылғы Ашхабадтағы Азия чемпионаты. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол чемпион атанды. Жұлқа көтеруде 148 келіні, ал серіппе көтеруде 187 келіні еңсерді. Содан кейін ол Токиодағы Олимпиадаға дайындалып жүрді. Алайда оны жан-жақтан шалып, әйтеуір амалын тауып, Альбертке лицензия бермеді. Өз басым Альбертпен өте жақын дос болдық деп айта алмаймын. Ол негізі көбіне-көп інісі Семёнмен жақсы араласатын. Семённің айтуынша, кейінгі бірнеше ай бойы ұнжырғасы түсіп, жарақаттанғанда да Альбертке басқа тұрмақ, жеке жаттықтырушысы еш мән бермеген». 
Бұл туралы Семён Линдер өзінің жазбасында былай айтқан болатын:  «Бір жыл бойы дайындық кезінде депрессияда жүргенін байқадым. Бірақ Альберт сондай жағдайға қарамастан, жаттығуын жалғастыра берді. 5 күн бойы нәр татпағанын да көрдім. Қабырғаны ұрып, қолын сындырған кезде бір-ақ мән беріп, үйге жалғыз өзін жіберген кез де болды. Сонда жеке тренері хал-жағдайын сұраған да жоқ. Ал Альберт үлкен спорттан қол үзіп қалғаннан кейін жаттықтырушысы бір-екі рет келді. Онда да арнайы мамандарға барып, денсаулығын тексертудің орнына, шіркеуге апарды. Ондай адам тренер болуға лайық емес».  Осы ретте Әйгерім Ауылбек те құрамадағы миға қонбайтын қысымдар туралы жайып салды. 
«Қыз балаларда цикл деген болады. Жаттығу кезінде басталып кетсе, дүкенге барып, жаялық сатып алуға рұқсат бермейтін. Мата қойып ал да, жаттыға бер дейтін. Бірде геморройым шығып, емделуге сұранғанда, одан сайын көп жүктеме беріп, жағдайымды одан бетер ушықтырған кез де болды. Бұл — ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасында болатын әділетсіздіктердің бір парасы ғана. Спортшылар — тренерлер үшін жай ғана ақша табудың қайнар көзі. Физикалық, психологиялық жағдайы маңызды емес». 
Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйек күні қазақстандық зілтемірші Альберт Линдердің қайтыс болғаны мәлім болды. Көп ұзамай, оның өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды. Алматы облысы Полиция департаменті 25 жастағы қазақстандық атлеттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті:  
«Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сәйкес соталды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды».
[caption id="attachment_162050" align="aligncenter" width="1200"] width= Альберт Линдер. Фотоколлаж © Aikyn.kz[/caption]