Алматыда атыс болды: бес адам қайтыс болды
Алматыда атыс болды: бес адам қайтыс болды
385
оқылды
Сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" шағынауданында атыс болды. Бұл туралы Алматының Полиция департаменті хабарлады. Оқиға салдарынан 2 учаскелік полиция қызметкері, бір сот орындаушы, екі бейбіт тұрғын қаза тапты.

"Жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот бұйрығын орындау барысында осы үйдің тұрғыны – Д., 1967 жылы туған, сот орындаушылары, учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД қызметкерлеріне атыс қаруынан оқ жаудырды.

Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде болған екі полиция қызметкері атыс жарақатын алып, қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан полиция қызметкерлері: Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған,