Қазақстандық музыкант беделді халықаралық байқауда жеңіске жетті
Қазақстандық музыкант беделді халықаралық байқауда жеңіске жетті
Фото: Gov.kz
321
оқылды

Қазақстандық музыкант Әлім Бейсембаев Ұлыбританияның Лидс қаласында өткен ХХ фортепианошылар байқауында жеңіске жетті. Оған "Уотерман" алтын медалі табысталып, 25 мың фунт стерлинг (14,5 млн теңге) сыйақы берілді.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Сонымен бірге ол Warner Classics компаниясы ұйымдастырған дауыс жазуға және Steinway&Sons тарапынан еуро тур жасауға мүмкіндік алды. Әлім XX-XXI ғасырлардағы үздік туындыларды жақсы орындағаны үшін берілетін Ливерпульдегі корольдік филармония қауымдастығының және medici.tv нұсқасы бойынша көрермен көзайымы сыйлығына ие болды. Байқау қорытындысы бойынша жапониялық Кайто Кобаяши екінші орын алса, қола жүлдеге израильдік Ариэль Лани ие болды. Музыканттар Ливерпульдегі корольдік филармонияның дирижері Эндрю Манценің сүйемелдеуімен классикалық туындыларды орындады. Айта кетейік, Әлім – бұл байқауда жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық өнерпаз. 23 жастағы музыкант 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Лондондағы корольдік музыка колледжінің магистратурасында оқиды. Бұл оқу орнында ол танымал профессор – Ванесса Латарш пен Дмитрий Алексеевтен дәріс алады. Әлім Бейсембаев 5 жасынан бастап фортепианода ойнайды. 2008 жылы «Щелкунчик» атты телевизиялық байқауда жеңіске жетіп, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы орталық музыка мектебіне оқуға түскен. Араға 2 жыл салып Англиядағы Перселл мектебіне ауысты. Әлім Веймардағы Лист атындағы халықаралық жасөспірімдер байқауының және Манчестердегі халықаралық пионистер байқауының жеңімпазы. Бұдан бөлек Ван Клиберн атындағы жас пионистер арасындағы І халықаралық байқауда топ жарған.