Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, – деп жазады 24.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, Тимур Бекмансуров әлі есін жимады. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Халі мүшкіл. Сол аяғын тізесіне дейін кесуге тура келді.
Оқиға 20 қыркүйек күні болды. Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің студенті Тимур Бекмансуров мылтықпен оқу орнына келіп, оқ жаудырды.
Осы оқиғадан соң Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ресейдің Пермь университетіндегі атысқа байланысты пікір білдірді.
«Пермь университетінде атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Қазан қаласындағы теракт кезінде жақындары қаза тапқандардың жан-жаралары әлі де жазыла қойған жоқ. Бүгінгі оқиға жығылғанға жұдырық болып отыр. Бұл қайғылы оқиғалар еліміздегі мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздікті күшейтудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Оқу орындарының әрбір басшысы балаларды қорғау мәселесіне басымдық беруі тиіс», – деді министр.