Қазақстанда туған Сәуле Омарова АҚШ-та лауазымды қызметке сайлануы мүмкін - Bloomberg
Қазақстанда туған Сәуле Омарова АҚШ-та лауазымды қызметке сайлануы мүмкін - Bloomberg
Сәуле Омарова, фото: nytimes.com АҚШ президенті Джо Байден з
291
оқылды
АҚШ президенті Джо Байден заң профессоры Сауле Омарованы АҚШ-тағы валюталық бақылау басқармасының (OCC) басшысы лауазымына ұсынуды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz Bloomberg News-қа сілтеме жасап. Сәуле Омарова осы аптада валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымына ұсынылады. Егер оның кандидатурасы мақұлданса, ол агенттікті толық басқаратын алғашқы әйел адам болады. Алайда, АҚШ билігі аталмыш мәлімдемеге қатысты Reuters-тің ресми сауалына жауап берген жоқ. Қазақстанда туып-өскен Сәуле Омарова LinkedIn-дегі профиліне сәйкес 2014 жылдан бастап Корнель университетінде заң факультетінің профессоры болып саналады. Ол криптовалюталарды сынаушы және Үкіметтің банк саласында әлдеқайда үлкен рөл атқаруын жақтаушы ретінде танымал. 2006-07 жылдары Сәуле Омарова бұрынғы президент Джордж Буштың жанындағы АҚШ Қаржы министрлігінде реттеуші саясат жөніндегі арнайы кеңесші болды.