Карьера үшін боксшы қыздардың тұрмысқа шықпайтыны рас па?
Карьера үшін боксшы қыздардың тұрмысқа шықпайтыны рас па?
Фото: vesti.kz
218
оқылды

Бұл туралы Аида Сатыбалдинова Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, – деп жазады Vesti.kz.

Боксшы ұлттық құрама ішінде болып жатқан келеңсіздіктерді жою үшін Президенттен араша сұрайды.

«Жаттықтырушы, басшылар мұның бәрін біледі. Бірақ олар мәселеге көз жұма қарайды. Әрбір жаттықтырушы шәкіртінің Олимпиадада жеңіске жеткенін армандайды. Сол үшін аянбай еңбек етеді. Ал боксшы қыздар уақыт өте келе тұрмысқа шығу үшін спорттағы карьерасын ерте аяқтайды. Меніңше, әр адамның жеке өміріне өзге біреу араласпауы тиіс», – деді спортшы.