Маңғыстауда әйелді 21 жерінен пышақтап өлтірген адам сотталды
Маңғыстауда әйелді 21 жерінен пышақтап өлтірген адам сотталды
Фото: adilettv.kz
186
оқылды

Ер адам отыз жастағы кездесіп жүрген әйелін 21 жерінен пышақтаған, – деп хабарлайды 24.kz.

Күдікті 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуінің арасында жанжал болған. Кейін ер адам әйелді пышақтап, құны 150 000 теңге тұратын телефонын және банк картасын ұрлап кетеді. Жәбірленушінің далада ойнап жүрген баласынан банк картасы мен телефонның пин-кодын сұрап алады. Есепшоттан 2 миллион, мобильді қосымша арқылы 340 мың теңгені өзіне аударып, жұмсап келген. Әйел адам оқиға орнында көз жұмды.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы Иниятулла Досетов: «Ноғжанов деген азамат заңды некеге тұрмай, бірақ бірге тұрып жүрген азаматшаны қасақана өлтіргені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабы бойынша, яғни 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы және 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді.

Бұған дейін орманнан табылған әйел туралы жазған болатынбыз.