26 жастағы әйелді пойыз қағып кетті

26 жастағы әйелді пойыз қағып кетті

Батыс Қазақстан облысында 26 жастағы әйелді жүк пойызы қағып кетті.

Оқыс оқиға Бөрлі ауданы аумағында болған. Облыстық ТЖД-нің хабарлауынша, пойыздардың жүру кестесінде өзгеріс болған жоқ. Оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр. Факт бойынша ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін вокзалда күйіп қалған қыз туралы жазған болатынбыз.