Дәрігерлер жантүршігерлік жол апатынан аман қалған қыздың денсаулығы туралы айтты
Дәрігерлер жантүршігерлік жол апатынан аман қалған қыздың денсаулығы туралы айтты
Фото: newtimes.kz
334
оқылды

Екі көлік соқтығысып, апат салдарынан 5 адам қаза тапты.

Жол апатынан зардап шеккен жолаушы астанадағы академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына жеткізілген.

«Жол апатынан кейін 18 жастағы қыз өте ауыр халде түсті. Омыртқасы сынған. Травматикалық шок алған. Пациентке шұғыл ота жасалды. Халі өте ауыр», – деді дәрігерлер.

Бұған дейін астанада жол апатынан бес адам көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.