Әлемдегі ең қарт адам өмірден өтті
Әлемдегі ең қарт адам өмірден өтті
Фото: Liter.kz
648
оқылды
Эритреяда ғаламшардағы ең қарт адам қайтыс болды. 27 қыркүйекте Азеф ауылында Натабай Тинсиеу 127 жасында дүниеден өтті, – деп жазады Inform.kz. Немересі Daily Mail-ге айтқандай, шын мәнінде оның атасы тіпті 127 емес, 137 жаста екен, бірақ діни қызметкер шалғайдағы ауылға жете алмай, он жыл бойы туу фактісін тіркей алмаған. Немересі әкесінің өмір сүру ұзақтығы туралы ақпаратты рекордтар кітабына жаздыру үшін Гиннесс өкілдерімен байланысқанын атап өтті. Қазіргі уақытта өмір сүрген ең қарт ер адам – жапон қариясы Дзироэмон Кимура, ол 2013 жылы 116 жасында (оның жасы нақты анықталған) өмірден озған.