Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 44 адам көз жұмды
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 44 адам көз жұмды
Сурет: sasint
196
оқылды

2 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустан – 39, пневмониядан 5 адам көз жұмған.

Ал 3 қазандағы мәлімет бойынша, 59 458 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 10 147 науқас стационарда, 49 311 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда. Дертке шалдыққандар арасында 753 адамның жағдайы ауыр, 227 науқастың жағдайы өте ауыр. Тағы 142 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.