Экс-президенттер немен айналысып жүр?
Экс-президенттер немен айналысып жүр?
©А.Ахметқазы
472
оқылды
Арменияның бірінші президенті Левон Тер-Петросян отставкаға кеткеннен кейін 10 жыл бойы ғылыми қызметпен айналысты, Армян мемлекетінің XI—XVI ғасырлардағы тарихы туралы «Армяне и крестоносцы» атты екітомдық зерттеуін шығарды. Қазір Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянның кеңесшісі. Левон Тер-Петросян Арменияны 1991-1998 жылдары басқарды. [caption id="attachment_164537" align="aligncenter" width="927"]Левон Тер-Петросян Левон Тер-Петросян. Фото: Rus.azatutyun.am[/caption] Грузиялық БАҚ-тың мәліметінше, елдің төртінші президенті Георгий Маргвелашвили саясаттан кетіп, Душети қаласына көшкен. Онда туризм саласында жұмыс істейді. Туристерге тауда атпен серуендеуді ұйымдастырады және Airbnb қызметі арқылы шетелдік қонақтарға үйін жалға береді. Сurrenttime.tv мәліметінше, оның коттеджінде бір күн тұру құны - 80 доллар. Ол Грузияны бес жыл (2013 - 2018 ж.) басқарды. [caption id="attachment_164358" align="aligncenter" width="825"]Георгий Маргвелашвили Георгий Маргвелашвили. Фото: Vestikavkaza.ru[/caption] Асқар Ақаев - Қырғызстанның бірінші президенті. Қазіргі уақытта Мәскеу мемлекеттік университетінде сабақ береді және ғылыми-зерттеу университетінің әлеуметтік-саяси тұрақсыздық қауіпін бақылау ғылыми-оқу зертханасын басқарады. Ол 1990 жылдан 2005 жылға дейін Қырғыз КСР-ын және Қырғыз Республикасын басқарды. [caption id="attachment_164506" align="aligncenter" width="679"]Асқар Ақаев Асқар Ақаев. Фото: Sng.today[/caption] Құрманбек Бакиев Қырғыз Республикасын 2005-2010 жылдары басқарды. Президент өкілеттігін тапсырған соң Беларуське қашты. 2012 жылы Беларусь азаматтығын алды. Қазір ол - Беларусь ұлттық биотехнологиялық корпорациясы басшыларының бірі. [caption id="attachment_164518" align="aligncenter" width="714"]Құрманбек Бакив Құрманбек Бакиев. Фото: Azattyk.org[/caption] 2014 - 2019 жылдары Украина президенті болған Петр Порошенко Президент сайлауында жеңілген соң да саясаттан кеткен жоқ. Ол «Европейская солидарность» партиясын басқарды. Сонымен бірге Roshen концернінің, "5 арна" телекомпаниясының, "Укрпроминвест-Агро" аграрлық холдингінің және украиналық халықаралық инвестициялық банкінің иесі. Порошенконың байлығы 2020 жылы 700 миллион долларға жеткен. [caption id="attachment_164525" align="aligncenter" width="700"]Петр Порошенко Петр Порошенко. Фото: Dw.com[/caption]

Дмитрий Медведев Ресейді 2008 - 2012 жылдары басқарды. Қазір ол РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары және "Единая Россия" партиясының төрағасы.

[caption id="attachment_164532" align="aligncenter" width="812"]Дмитрий Медведев Дмитрий Медведев. Фото:Vnnews.ru[/caption] Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елді 30 жылға жуық уақыт басқарды. Ол қазір ҚР Қауіпсіздік кеңесінің және Nur Otan партиясының төрағасы. [caption id="attachment_149980" align="aligncenter" width="801"]Нұрсұлтан Назарбаев Фото: Akorda.kz[/caption]