«Жолдан өткенде телефонмен сөйлеспеңіз» – астанада бір тәулікте 96 жол апаты тіркелді
«Жолдан өткенде телефонмен сөйлеспеңіз» – астанада бір тәулікте 96 жол апаты тіркелді
Фото: wallhere.com
195
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік иелерін сақ болуға шақырды.

Көліктің жазғы дөңгелегін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді. Сондай-ақ, жолда өте мұқият және абай болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтау, көлікті кілт тежеуден аулақ болу, арақашықтық сақтауды ескертті. Астанада бір тәулікте 96 жол апаты тіркелді.

«Көлік жүргізушілері ғана емес, жаяу жүргіншілерге де жолға ерекше назар аудару қажет. Өз қауіпсіздігі үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлеспеуге кеңес береміз» делінген ресми хабарламада.

Астанада күн күрт суытқан күні 90-нан астам жол апаты тіркелген болатын.