Кісі өлтірді деген күдікпен Бастөбе ауылының тұрғыны ұсталды.
Полиция департаментінің дерегінше, 3 қазан күні сағат 11:20 шамасында Қаратал аудандық полиция бөліміне ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді.
Тергеу барысында марқұм Бастөбе ауылының 40 жастағы тұрғыны екені анықталды. Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол – марқұмның 41 жастағы ауылдасы, өз кінәсін мойындады.
Күдіктінің айтуынша, кешкі сағат 20:00 шамасында мас күйінде екеуара жанжалдасып, балтамен танысын ұрып өлтірген.
Күдікті әуелі мәйітті жертөлеге жасырған. Бірақ мәйітті түнгі сағат 3-те велосипедпен иесіз ескі ғимаратқа апарып тастаған.
Күдікті уақытша изоляторға қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.