Қарызын уақытылы қайтара алмаған соң, дүкен иесі әйелдің теледидары мен асүй жиһазын алып кеткен.
Оқиға Түркістан облысы Ордабасы ауданында болған.
Полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 16:00 шамасында үйіне танысы келіп, «дүкендегі қарызыңды төлемедің» деп LG маркалы теледидары мен асүй жиһазын алып қойғанына шағымданды.
Жалпы шығын көлемі – 200 мың теңгеден астам. Факті ҚК 389-бабы (Өзінше билік ету) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтады. Нәтижесінде, әйелдің заттарын тартып алған күдікті ер адамды анықтады. Жапа шеккен әйел күдіктінің дүкенінен қарызға азық-түлік алып жүрген. Бірақ қарызын осы уақытқа дейін қайтармаған. Күдікті ақшасын басқа жолмен өндіріп алмақ болған. Тергеу жүргізіліп жатыр.