Биыл 4 қазанда шыққан бұйрықта көрсетілгендей, жолаушы автобусқа мінерде сатып алған электронды билетін немесе жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті.
Куәліктің түпнұсқасынан бөлек, цифрлық құжаттар сервисіндегі электронды нұсқасы жарамды.
Халықаралық және қалааралық бағыттағы автобустың жолақысы мен жүк ақысы бұрынғыдай қабылданады. Автобекеттер мен жолаушыға қызмет көрсететін орындар арқылы алуға болады.