Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын Танзания жазушысы алды
Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын Танзания жазушысы алды
©wikipedia
375
оқылды
Әдебиет саласындағы 2021 жылғы Нобель сыйлығын Танзания жазушы Абдулразак Гурна алды, – деп хабарлайды Швед академиясының Нобель комитеті. Гурна осы жылғы Нобель сыйлығын колониализм салдары мен босқындардың тағдыры туралы жазғаны үшін алды. Абдулразак Гурна 1948 жылы Үнді мұхитының Занзибар аралында туып-өскен. Ол Англияға босқын ретінде 1960 жылдардың соңында жер аударған. Гурна он роман мен бірқатар әңгіме жариялаған. Оның барлық жұмыстарына босқындардың қатал тағдыры арқау болған. 1901 жылдан бастап әдебиет бойынша 114 Нобель сыйлығы табысталған. 2020 жылы аталмыш номинациядағы сыйлықты америкалық ақын Луиза Глюк алған.