Жүргізуші куәлігін жасатамын деп 140 мың теңгесінен айырылды
Жүргізуші куәлігін жасатамын деп 140 мың теңгесінен айырылды
Фото: orda.kz
182
оқылды

Ол жүргізуші куәлігін жасатпақ болған. Polisia.kz-тің дерегінше, Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

«Көлік жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген танысына 140 000 теңге бергенін айтқан. Полицейлер күдіктіні анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін «Жер алып беремін» деген танысына сенген тұрғын ақшасыз қалғанын жазған болатынбыз.