Ұлттар лигасының үшінші орны үшін болған матчта Италия құрамасы Бельгиядан басым түсті, – деп жазады Prosports.kz.
Алғашқы тайм 0:0 есебімен аяқталды.
Матчтың екінші бөлігін Италия футболшылары белсенді бастады. Барелла есеп ашса, Берарди пенальтиден есепті еселеді. Роберто Мартинес командасы бір голмен ғана жауап қатты.
Осылайша, Италия құрамасы 2:1 есебімен жеңіп, қола медаль еншіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=jRYCMorN2QY&feature=emb_title
Италия – Бельгия – 2:1Гол соққандар: Барелла, 46 (1:0). Берарди, 65 пенальти (2:0). Де Кетеларе, 86 (2:1).
Италия: Доннарумма, Бастони, Эмерсон, Ачерби, Ди Лоренцо, Локателли, Барелла (Кристанте, 70), Кьеза (Бернардески, 90+2), Пеллегрини (Жоржиньо, 71), Берарди (Инсинье, 90+1), Распадори (Кин, 65).
Бельгия: Куртуа, Вертонген, Алдервейрелд, Денайер, Кастань, Салемакерс (де Кетеларе, 59), Витцель, Карраско (Троссард, 87), Тилеманс (де Брюйне, 59), Ванакен, Батшуайи.
Финалда Испания мен Франция құрамалары кездеседі.