11 қазанға арналған ауа райы болжамы
11 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: sputnik.kz
178
оқылды

Шығыста циклон әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр аралас қар жауады.

Оңтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, тұман түседі, солтүстікте  көктайғақ болады. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола облысының шығыс жағында тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Алматы облысының таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, күндіз шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел қарқыны – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысында тұман болады. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында және Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.