БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ
БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ
772
оқылды
Рухани орталығымыз - Түркістан қаласында еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қарилар және жан-жақтан жиналған имамдардың қатысуымен рухани іс-шара өтіп жатыр. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды және күні кеше Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша басталған республикалық байқау жалғасуда.  width= Кесененің алдында ұйымдастырылған рухани іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, елімізге танымал қарилар, облыс бас имамдары мен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін республикалық байқауға әр аймақтан келген жас қарилар, үміткерлер қатысты.  width=
«Бүгінгі игі іс-шараға ұйытқы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғысымды білдіремін. Киелі Түркістанды түлету — баршамыздың ортақ ісіміз», — деп атап өтті Өмірзақ Естайұлы.
Тарихи шарада сөз  сөйлеген  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:
«Біз ата-бабасын ардақтаған, әулие-әмбиесіне құрмет көрсеткен халықпыз. Республикалық Құран оқу байқауы қарсаңында қариларымыз жүз рет Құранды толық хатым етті. Бүгін осы оқыған қасиетті Құран аятын бабалар рухына бағыштап отырмыз», — деді.
 width= Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері мен қарилар еліміздің игілігі мен болашағы үшін құрбан болған батырларымыз бен хан-сұлтандарымыздың, талай нәубетті замандарда репрессияға ұшыраған ата-бабаларымыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, жарылқау тіледі. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің ертеңі мен халқымыздың бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады.

Тельман БЕЙСЕН