Пермьде атыс ұйымдастырған студент кінәсін мойындады
Пермьде атыс ұйымдастырған студент кінәсін мойындады
© profile.ru
265
оқылды
Ресейдің Пермь университетінде атыс ұйымдастырған Тимур Бекмансұров кінәсін толық мойындады. Бұл туралы Ресей Федерациясының ТК басшысы Александр Бастрыкин хабарлады, - деп жазады ria.ru.
"Айыпталушы кінәсін толық мойындады. Бүгін тергеу сотқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш білдірді", – деді Александр Бастрыкин.
Тергеуші студентті жаппай кісі өлтіру ісі бойынша айыптады.
"Қайғылы оқиғадан кейін бір айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт ішінде дәрігерлер оқу орнында оқ атқан жігітке көмек көрсетті. Қазір Бекмансұровтың денсаулық жағдайы онымен тергеу әрекеттерін жүргізуге мүмкіндік береді. Кеше оған айып тағылды", – деді тергеуші.
Пермь университетіндегі шабуыл әрекеті 20 қыркүйекте болды, бірінші курс студенті алты адамды өлтіріп, 47 адамды жарақаттады.