Министрліктің мәліметінше, жәбірленуші соттан бұдан бұрын шыққан төрелік шешімнің күшін жоюды талап етті.
Төрелік шешімге сәйкес, Ташяпы Қазақстанның пайдасына 6,7 миллиард теңге төлеуі қажет.
«Қазақстан Республикасы Париж сотына Ташяпының талап-арызы негізсіз екенін дәлелдеді. Сонымен қатар, сот Ташяпыны Қазақстанның 30 000 еуро көлемінде кеткен сот шығындарын өтеуге міндеттеді. Автомобиль жолдары комитетінің Ташяпы арасындағы «Ақтөбе - Мақат» жолына құрылыс жүргізу туралы келісімшарттық қатынастар – аталмыш төрелік даудың мәні болды. Талап-арыз сомасы 6,5 млн АҚШ долларын құраған. 2019 жылдың 3 желтоқсанында Сингапурдегі Халықаралық төрелік орталығының төрелік соты Ташяпының талап-арыздарын қабылдамай, Қазақстанның қарсы талаптарын қанағаттандырған еді. Төрелік соттың орны да Париж қаласы болған» делінген ресми хабарламада.
Осы іс бойынша мемлекеттің мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды.