Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист.
1994-1996 жылдары – қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.
1997-1998 жылдары – Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары. Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.
1998-1999 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.
1999-2000 жылдары – Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.
2000 жылдары – «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.
2000-2005 жылдары – «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.
2005-2010 жылдары – Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.
2010-2014 жылдары – Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
2014-2016 жылдары – Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
2016-2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2019-2021 жылдары – ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.
2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.