Қарағанды облысында үш жігіт мешітте ажал құшты
Қарағанды облысында үш жігіт мешітте ажал құшты
412
оқылды
Қарағанды облысының Ақтоғай ауылындағы орталық мешітте үш бірдей азамат иіс тиіп, қайтыс болды. Қайтыс болғандардың ең жасы 20-дан енді ғана асқан. Бірі Жасқайрат Амангелдин мешітте от жағушы болып жұмыс істеген. Екеуі ауыл тұрғыны Ерболат Әбдікәрім мен Қайыржан Иса екені анықталған. Үшеуі 28 қаңтар күні мешітке келген. Дүлей бораннан жарық сөніп қалған соң, жылыту пешін дизельді генератор арқылы іске қосқан. Ең бірінші олардың сұлқ жатқанын мешіт келген азамат көріп, хабарлаған. Үшеуі де ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимаған.
«Мешітте сұлық жатқан үшеуін өз көлігімен ауруханаға жеткізген жергілікті азаматтың айтуынша, жігіттер уланып қалған. Ауруханаға әкелгенде олардан биологиялық өлім белгілері болған. Сондықтан ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді», – деді ахуалдық орталық меңгерушісі Ерік Шонбаев.
Тұрғындардың өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама нәтижесі анықтамақ.