Қазақстан делегациясы Ауғанстанның қазіргі әкімшілігі өкілдерімен кездесті
Қазақстан делегациясы Ауғанстанның қазіргі әкімшілігі өкілдерімен кездесті
591
оқылды
Сапар аясында Арнаулы өкіл Ержан Қазыхан Ауғанстанның қазіргі әкімшілігінің өкілдері Абдул Ғани Барадармен және Амир Хан Мутаккимен кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесулер барысында Қазақстанның ауған халқына көрсетіп жатқан гуманитарлық көмегі мен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Еліміздің делегациясының басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жеткізілгенін атап өтті. Сондай-ақ Ержан Қазыхан Қазақстанның ауған тарапына отандық QazVac  вакцинасын беру туралы ұсынысын жеткізді.  width= Арнаулы өкіл Қазақстанның БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, Ауғанстан халқына жеткізілетін гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту мақсатында қабылдап жатқан шаралары туралы  айтты. Ауған тарапы көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс білдіріп, Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге еліміздің елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Тараптар дәстүрлі сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіруге және ауған студенттері үшін Қазақстанда білім беру бағдарламаларын жалғастыруға қызығушылық танытты. Ауған тарапы қазақстандық вакцинаны жеткізу туралы ұсынысты да зор ықыласпен қабылдады.  width=  width=