Жемқорлар туралы хабар алу үшін әкім Facebook-та жеке телефон нөмірін жариялады

Жемқорлар туралы хабар алу үшін әкім Facebook-та жеке телефон нөмірін жариялады

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Facebook-та жеке телефон нөмірін жариялап, тұрғындардан өзіне жемқорлар жайлы мәлімет жолдауды сұрады, – деп жазды zakon.kz.

«Жақында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй салып жатқан кәсіпкерден қала әкімдігінің қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Құрылыс материалдары мен қызмет көрсету жұмыстарына баға өсіп жатқан жағдайда, біз адал жұмыс істейтін құрылыс компанияларымен бірге құрылыс нысандарын уақытында және сапалы аяқтау үшін қосымша қаражат іздеудеміз. Осындай жұмыс атқарылып жатқанда жемқорлық дерегі тіркелсе, қатаң шара қолданылады», –деді әкім. Сондай-ақ әкім мемлекеттік жобалармен жұмыс істеп жүрген азаматтарға ескерту жасады.

«Заңсыз ұсыныстарға беріліп, бопсалауға түспеңіз. Мен ешкімге заңсыз нұсқау бермеймін және оны орынбасарларым мен әкімдерден талап етемін. Егер мұндай фактілер болса, менің жеке WhatsApp нөміріме +77017776037 «Сыбайлас жемқорлық» деп белгілеп, хабарлауды өтінемін. Мен тергеу барысын және кінәлі тұлғалардың заң бойынша жауап бергенін қадағалаймын», – деп жазды Ғали Есқалиев.

Бұған дейін Білім басқармаларының басшылары жеке телефон нөмірін жариялаған болатын.