Пермь қаласының маңындағы мектепте оқ атқан оқушының кім екені белгілі болды
Пермь қаласының маңындағы мектепте оқ атқан оқушының кім екені белгілі болды
Дима Губаев. Фото: Telegram/Shot
475
оқылды
Мектепте оқ атқан 12 жасар оқушының әкесі оның қаруды қайдан алғанын айтып берді, - деп жазады РИА Новости. 12 жасар Дима Губаев мектепке "Сайга" қаруымен келіп, екі рет оқ атқан. Оқиға Пермь қаласы маңындағы Сарс ауылында болған. Аздап жарақаттанған бір оқушы ауруханаға жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді.  Оқ атқан оқушы ұсталды. Мектеп директоры Рэуфиль Кабиров оқушы қарумен келген кезде күзетшінің ауысымға түсіп үлгермегенін айтты.
"Күзетші қызметіне кірісіп үлгермеді, оқушы ерте келіп қойған. Ол 8.00-де орнында болады, егер ертерек келгенде оқушыны кізгізбес еді. Киініп жатыпты, оқ атылғанын естіп, дабыл белгісін басқан", - деді Кабиров.
Осы жағдайдан кейін оқиға орнына жедел қызмет өкілдері дереу жетті. Оқушының әкесі қару оның үйінде сейфте сақтаулы тұрғанын айтты.  Айтуынша, ұлын атысқа апарып  жүрген, - деп хабарлады  Shot Telegram-каналы.
"Біз атысқа бірге баратынбыз. Уақытым болған кезде оны апарып жүрдім. Мергеннің нысанасын көздеп атқанында тұрған ештеңе жоқ деп ойлайтынмын. Бұлай болады деп ойламаппын", - дейді баланың әкесі.
Бұған дейін Ресейдің Пермь қаласы маңындағы мектепте оқушы оқ атқанын хабарлаған болатынбыз.