Қант зауытына қатысты тергеу басталды

Қант зауытына қатысты тергеу басталды

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы «Тараз қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы бойынша тергеп-тексеруді бастады. Бұл жайында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Антимонополиялық орган бұл зауыт қантты әртүрлі тұтынушыға сату кезінде мәні бірдей келісімдерде әртүрлі бағаларды белгілеген деп айыптап отыр. «2021 жылғы наурыз айында департамент «Тараз қант зауыты»  ЖШС-іне осындай бұзушылық­тарға қатысты хабарлама жолдады, кәсіпорын ондағы талаптарды орындады. Алайда талдау барысында зауыт қантты сату кезінде әртүрлі бағаларды қолдануын жалғастырғаны анықталды», – деп мәлім етті агенттік. Тергеп-тексеруді тағайын­дауға зауыттың монополияға қарсы орган хабарлама жіберген күннен кейін бір жыл ішінде бұзушылықтарға қайталап жол бергені негіз болды.  

Ерік ЕРДЕНОВ