Жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан
Жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан
Фото: Интернеттен алынды
432
оқылды
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағайда жедел-жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан. Қазір екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 29 қаңтар күні WhatsApp арқылы екі адамның коронавирус жұқтырды деген күдікпен түскендігі жөнінде ақпарат тараған. Ақпаратты тексергенде бұл хабарламаның жалған екені анықталған.
«Жедел-іздестіру барысында екі күдікті ұсталды. Олар Қапшағай қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екеуі де жергілікті ауруханадағы жедел жәрдемнің көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Екі ер азаматқа жалған ақпарат таратуына не түрткі болғаны тергеу барысында анықталады» делінген ресми хабарламада.
Екі күдікті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабының 1-тармағына сәйкес, заң алдында жауапқа тартылады. Істің ақ-қарасын Қапшағай қаласының тергеушілері анықтайды.