Қапшағайда WhatsАpp арқылы коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар ұсталды
Қапшағайда WhatsАpp арқылы коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар ұсталды
©Pixabay
405
оқылды
Полиция «Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі адам жеткізді» деген жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды zakon.kz. 29 қаңтарда Whats App-та белгісіз біреулер Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырған науқастар келіп түскені туралы хабарлама таратты. – Тексеру кезінде ақпарат расталмады, соған байланысты тәртіп сақшылары жалған ақпаратты таратушыларды анықтау үшін қажетті шараларды ұйымдастырды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Қапшағай қалалық полиция бөліміне жеткізілген екі күдіктіні анықтап, ұстауға мүмкіндік туды. Екеуі де жергілікті ауруханада жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді. Тергеу барысында екі ересек адамды жалған ақпарат таратуға итермелеген жағдай анықталады, деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі. Полиция ұсталғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, 1-тармығы, яғни «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертті. – Қапшағай қаласының тергеушілеріне тергеу жүргізуге нұсқау берілді. Тергеу барысында күдіктілерге «келіп тұруға міндеттейтін» процедуралық мәжбүрлеу шаралары қабылданды, – дейді баспасөз қызметіндегілер.