25 қазанға арналған ауа райы болжамы
25 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: weheartit.com
207
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін солтүстік, солтүстік-батыс, батыста жаңбыр жауады.

Еліміздің батыс, солтүстік, оңтүстік-батысында жел күшейеді, тұман күтіледі. Алматы облысының Алакөл аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.