Оңтүстікте жаңбыр жауады. Тек қана батыс, оңтүстік-шығыста жоғары қысым өрісінің ықпалында болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман, түнде шығысында, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының тау асуларында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының батысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыстың таулы аудандарында желдің 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі.