Екі жылда терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркелді

Екі жылда терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркелді

Терроризмге қарсы орталық штабының бөлім басшысы Жанарбек Жаңабаевтың айтуынша, заңсыз әрекеттерді әшкерелеу Қаржылық мониторингі агенттігімен бірлесіп жүргізілді.

«Діни деструктивті ағымдарды қаржыландыру мәселесі үнемі басты назарда. Бұл бағытта ҚР ҰҚК, ІІМ, Бас прокуратура, ҚМА және Қаржы министрлігінің Кірістер комитетімен бірлесіп күресу механизмі әзірленді. Статистикаға сүйенсек, 2018-2020 жылдары терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркеліп, оның жолы кесілді. Фактілерге қатысты Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғап, ол Бас прокуратураға дейін жетті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Биыл экстремистік қылмысқа барған 3 азаматтың үстінен іс қозғалды», – деді Жанарбек Жаңабаев.

Бұған дейін Жусан операциясы туралы жазған болатынбыз.