Шығыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласады. Орталықта ғана күн жауын-шашынсыз болады.
Елдің оңтүстік-шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік, солтүстік-батыс, орталығында – тұман, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшеюі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 25 м/с болады.
Күндіз Қазақстанның солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Ақмола облысының шығысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с болады, күндіз облыстың солтүстігінде – көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, таңертең және күндіз – тұман түсуі ықтимал.
Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан облысының таулы аудандарында да тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында тұман болады.
Қарағанды облысының орталығында және шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік аумағында тұман күтіледі.