Құтқарушылар түтінге тұншыққан кішкентай төрт баланы аман алып қалды
Құтқарушылар түтінге тұншыққан кішкентай төрт баланы аман алып қалды
Фото: ТЖД-нен алынды
173
оқылды

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар түтін басқан пәтерде қалған 4 баланы аман-есен алып шықты.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Семей қаласында ата-аналары шаруамен сыртқа кеткенде 6 айлық және 2, 4, 6 жастағы төрт ұл пәтерде қараусыз қалған. Электр машинасын қуаттағышқа қойған балалар кенеттен тарс еткен дыбысты естіген. Қысқа тұйықталудың салдарынан пәтер ішін лезде түтін басқан. Сол кезде көршілер түтін иісін сезіп, құтқарушыларға хабар берген.

«Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті. Көпқабатты үй алдына автосатыны қойып, 3-қабаттағы пәтерге терезе арқылы кірді. Өрт сөндірушілер балаларды дереу далаға алып шықты. Зардап шеккен жоқ», – деді құтқарушылар.