Тараз тұрғындарының саны жарты миллионға жуықтады
Тараз тұрғындарының саны жарты миллионға жуықтады
1,017
оқылды
Онжылдықтың саяси науқаны халық санағының бүгінгі нәтижесі бойынша Тараз қаласы тұрғындарының саны 404853 мың адамға жетті. Бұл жайында шаһар басшысы  Ержан Жылқыбаев «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында тоғыз айды қорытындылаған брифингте баян етті. Жалпы, қала әкімінің сөзіне сүйенсек, есепті кезеңде шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталған. Өнеркәсіптегі өндіріс көлемі, ауыл шаруашылығы, негізгі капиталға салынған инвестиция, бөлшек сауда тауар айналымы, құрылыс және тұрғын үй салаларында өсім бар. Тарқата айтсақ, 2021-2022 жылдары жалпы құны 17,8 миллиард  теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, 1044 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде. «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында 16,4 миллиард теңгеге 932 жоба субсидиямен қаржыландырылып отыр. Қалада жыл басынан бері  облыс әкімінің тапсырмасымен заманауи форматтағы 11 әлеуметтік дүкен ашылған. 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бүгінде 21 тұрғын үйден 1091 пәтер пайдалануға берілген. Шаһардағы  26 көшедегі  ұзындығы 44,4 шақырым жол және 12,5 шақырым шағал жол орташа жөндеуден өткізілуде. 17 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталса, 8 нысанда жұмыстар жүргізілуде. 14,0 миллион теңгеге қаладағы саябақтар мен скверлерге және қала көшелерінің бойына 2000 урна және қоқыс жинайтын 100 контейнер орнатылған. Көше жарығын орналастыру үшін қалалық бюджеттен 200,0 миллион теңге қарастырылып, бүгінгі таңда 34 көше мен бұрылыстарға құрылыс жұмыстары басталып, аяқталуға жақын. Сондай-ақ демеушілер есебінен 6 көше мен бұрылыстарға көше жарықтары орнатылған. Қараша айында «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС  тарапынан 10 бірлік, «City-Bus» ЖШС тарапынан 50 бірлік автобус сатып алынады деп күтілуде. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 959,2 миллион теңгеге 6306 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілсе, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 15 үй салынуда. Тағы бір жағымды жаңалық - қаланың шеткі алқаптарын дамыту үшін  «100 жоба» бастамасы қолға алынуда. Бүгінде жобаға  енген 8 кәсіпкер «Сбербанк» арқылы 640,0 миллион теңгеге қаржыландырылған. Келер жылдың межелі міндетіне келер болсақ, шаһардан «Мұз айдыны», «Жеңіл атлетика манежі» және «Бокс сарайының» құрылысы басталмақ.  Бұл жобалардың барлығы демеушілер есебінен жүзеге асырылады. Міне, осындай негізгі атқарылған жұмыстарды баян еткен қала әкімі сөз соңында халық санағы бойынша Тараз қаласы тұрғындарының саны жарты миллионға жуықтағанын жеткізді. Бұл «облыс орталығынан екі аудан құрылады» деген бастамаға жан үрлеп тұрғаны анық.  

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы