Қайтыс болған адамның зейнетақы қорындағы қаржысы кімге қалады?
Қайтыс болған адамның зейнетақы қорындағы қаржысы кімге қалады?
Фото: Іnform.kz
494
оқылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының хабарлауынша, зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар толық көлемде мұраға қалдырылады.

Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Егер адам өз еркімен өсиет қалдырмаса, заң бойынша оның жарына, балаларына, туыстарына мұра болып қалады.

"Мұраны алу үшін мұрагер нотариусқа мұраны қабылдау туралы өтініш немесе мұраға құқық туралы өтініш беруге тиіс. БЖЗҚ-дан төлемдерді алу үшін құжаттар топтамасын пошта байланысы немесе үшінші тұлға арқылы тапсыру қажет. Құжаттар тізімі оларды тапсыру тәсіліне байланысты ерекшеліктер enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде жарияланған", - делінген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының хабарламасында.

Қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін зейнетақы жинағы 10 жұмыс күні ішінде толық қайтарылады.
Қайтыс болған адамның отбасына немесе оны жерлеген адамға қор 52,4 АЕК мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлейді.