Жел, тұман: Ішкі істер министрлігі қазақстандық жүргізушілерге ауа райына байланысты ескерту жасады
Жел, тұман: Ішкі істер министрлігі қазақстандық жүргізушілерге ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: Яндекс
148
оқылды
Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне ауа райының нашарлайтынын ескертті.
 "ІІМ аумақтық департаменттерге ауа райының өзгеруіне бақылау жасауды тапсырды. Күзгі-қысқы кезеңде көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият  болу керек", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жүргізушілерге жол-көлік оқиғасын болдырмауға көмектесетін бірнеше ұсыныстар берілді.
 "Жылдамдық режимін, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау маңызды, бұл жолдағы  апаттың алдын алуға көмектеседі. Жолдардағы қауіпсіздік үшін ІІМ ауа  райын ескеріп, қажет болған жағдайда көліктің басқа түрін қолданып, ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады", – деп қорытындылады Ішкі істер министрлігі.