Полицейлер көлік ұрлаған ұрыны 15 минутта ұстады

Полицейлер көлік ұрлаған ұрыны 15 минутта ұстады

Полицейлер ұрланған көлікті 15 минутта тауып, иесіне қайтарды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 31 қазан күні сағат 20:30 шамасында Орал қаласының тұрғыны көлігі ұрланғанын айтып, шағымданған.

Ол Атыраудағы Вокзал маңы ықшамауданында BWM маркалы автокөлігінің жоғалғанын хабарлаған. Полиция ұрланған автокөлікті 15 минутта дәмхананың алдынан тапты. Тексеру кезінде көлікті ұрлап кеткен 1973 жылғы ер адам екені анықталды. Оның орта дәрежеде мас екені анықталды.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.