Қостанайда полицейлер екі тұрғынның бірдей төлқұжатпен жүргенін анықтады
Қостанайда полицейлер екі тұрғынның бірдей төлқұжатпен жүргенін анықтады
Фото: www.nur.kz

Қостанайлықтың жеке мәліметін жасырын қолданып жүрген өзінің бөлесі екені белгілі болды, – деп хабарлайды AstanaTV.

Төрт жылда 17 әкімшілік айыппұл төлеуге мәжбүр болған қостанайлық тұрғын полицияға арызданған. Хаттама Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында толтырылған. Ал Қазбек Арықов ол жаққа мүлдем бармаған. Сондай-ақ, оның атына белгісіз біреу қомақты несие де рәсімдепті. Полицейлер қостанайлық азаматтың жеке мәліметтерін жасырын пайдаланып жүрген адамды  анықтады. Күдікті оның бөлесі екен. Елордада тұратын ол «жеке куәлігімді жоғалтып алдым» деген желеумен Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген. Қостанайдағы бөлесінің жеке мәліметтерін нұсқап, сырттай иемденіп алған.

Қостанай облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бөлім басшысы Ренат Сыздықов: «Астана қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.Тиісті процессуалдық  шешім қабылданады.Әлгі азаматқа берілген құжаттың күші жойылады. Ал заңға сәйкес, Қостанай тұрғынына қайтадан жеке куәлік дайындалады», – деді.