Алматыда күн күрт суытып, қалың қар жауады

Алматыда күн күрт суытып, қалың қар жауады

Осыған байланысты төтеншеліктер  жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге бірнеше кеңес берді.

Синоптиктердің сөзінше, түнде және таңертең – тұман, кей уақытта – көктайғақ. Ауа температурасы  түнде  6-8 градусқа дейін, күндіз 3-5 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.

«Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті автотұрақта уақытты үнемдемеуді және автокөліктерді ағаш, электр желілері және басқа да құрылыстар маңына қоймауды ұсынады. Ең қауіпсіз жерді, жақсырақ арнайы автотұрақтарды таңдаңыз. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті көлік иелері мен жаяу жүргіншілерге көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуды ұсынады» делінген  қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің берген  мәлімдемесінде.

Нұрболат АДЫРБЕК,

Алматы