Қар және тұман: ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қар және тұман: ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: qazaqstan.tv
128
оқылды
Синоптиктер 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын айтты, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын жаумайды. Тек елдің оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында және тау бөктерінде қалың қар жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста тұман түседі. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын көтеріледі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз таулы асуларда жел жылдамдығы 30 м/с асуы мүмкін Жамбыл облысының солтүстік шығысында, оңтүстік батысында және таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны – 15-20, 23-28 м/с шамасында. Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде жел қарқыны – 15-20 м/с. Күндіз 23 м/с-ке дейін жетеді, облыс орталығында шаңды дауыл соғады. Маңғыстау облысында желдің күші – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Жел қарқыны – 15-20 м/с. Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.