Бүгін еліміздің 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін еліміздің 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: tengrinews.kz
189
оқылды
Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 4 қараша күні еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.