Тоқаев моноқалаларда жаңа жұмыс орнын ашу өзекті мәселе екенін айтты
Тоқаев моноқалаларда жаңа жұмыс орнын ашу өзекті мәселе екенін айтты
Фото: ehonews.kz
406
оқылды

Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ.  Бұл туралы Екібастұз қаласына жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, – деп жазады inform.kz.

«Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды. Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ», – деді Президент. Мемлекет басшысының пікірі Ақорданың Twitter-парақшасында жарияланды.

[caption id="attachment_169263" align="aligncenter" width="960"] width= Фото: Берік Уәлидің Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Сондай-ақ жиында Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр еліміздегі моноқалаларды дамыту бойынша баяндама жасады. Алмасадам Сәтқалиев моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытуда «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының рөлі туралы айтты.

Ал ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Қазақстанның бірқатар моноқаласын дамытуға бағытталған жоспарлар туралы айтты.