1-3 балалы отбасыларға жәрдемақы беру мәселесі шешілмеді – министр
1-3 балалы отбасыларға жәрдемақы беру мәселесі шешілмеді – министр
© сурет интернеттен
397
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Парламент Мәжілісінде депутаттармен кездесу барысында 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы беру өтініші бойынша талқылау болғанын айтты. – Бұл бағытта 15 еседен артық қаражат талап етіледі. Екіншіден, «дәулетті, жағдайы жақсы адамдарға осы жәрдемақыны төлеу керек пе, жоқ па» – ол да үлкен сұрақ. Сондықтан біз бұл мәселеде ешқандай шешімге келген жоқпыз. Бірақ оның бәрін қарап жатырмыз, – деді Біржан Нұрымбетов. Министр ол мәселе шешімін таппағанын жеткізді. Себебі бұл қадамдар бюджетке ауыр салмақ түсіреді. Оның сөзіне қарағанда, бір, екі және үш балалы тұрмысы төмен отбасылардың саны 190 мыңды құрап отыр. Қазақстан бойынша 1-3 баласы бар отбасылардың саны 2 млн 904. Бұл көрсеткіш 15 есе көп.