COVID-19: 155 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік
COVID-19: 155 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік
Фото: lenta.ua
144
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет берді. 5 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 42 630 адам коронавирус инфекциясынан (–37 137 + және 5 493 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 648 пациент стационарда, 34 982 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандар арасында:  - 538 адамның жағдайы ауыр, - 155 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 945 922 адамнан анықталса, оның ішінде 896 581 науқас жазылып шықты.