Қарағанды облысында шахтада жарылыс болып, 6 кенші қаза тапты
Қарағанды облысында шахтада жарылыс болып, 6 кенші қаза тапты
Фото: yandex.kz
756
оқылды

7 қараша күні сағат 08:37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газы кенеттен шықты. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады, - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

"Оқиға орнында қалған 8 қызметкердің 6-ауы көз жұмды, 2-еуі жарақат алды (ақпарат анықталуда). Қазіргі уақытта оларды шахтадан шығарып алу жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс процесі тоқтатылды. ТЖ-ны жоюға "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия бара жатыр.