Алдағы үш күнде ауа райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді.
Циклон әсерінен батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады. Жаңбыр соңы қарға ұласады. Жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Тек қана оңтүстік, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс антициклонының әсерінен ауа температурасы төмендейді.